Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары (9 сынып-2, 10 сынып-2, 11 сынып-2) қатыса алады.
Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:
І айналым – эссе;
ІІ.айналым – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша тапсырма.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді, қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесін (жеке куәлік/туу туралы куәлік) 2025 жылдың 28 ақпанына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Олимпиада өткізу уақыты қосымша хабарланады.
Өтінім үлгісі:
№ | Қатысушы ның ЖСН | Қатысушының аты-жөні (жеке куәлік бойынша) | Аудан/қала | Сыныбы | Мектебі | Мұғалімнің ЖСН | Дайындаған мұғалімнің толық аты-жөні | Қатысушы ның әлеуметтік статусы |