«Абай оқулары» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 3 сәуірде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:

— «Абайдың асыл мұрасы»;

— «Абайдың ақын-шәкірттері»;

— «Әнді сүйсең менше сүй»;

— «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы »;

— «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі».

Байқау нәтижесінде 24 қатысушы жеңімпаз атанды:

  • I орын – 5;
  • II орын – 7;
  • III орын – 12.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Облыстық кезеңнің бірінші орын алған жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан байқаудың республикалық кезеңінде қатысады.

Жүлдегерлер тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!