«Киелі Шығыс» конкурсын өткізу туралы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың сәуір-маусым айларында «Киелі Шығыс» конкурсын (бұдан
әрі – Конкурс) өткізуді жоспарлауда.

Конкурстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық рухы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары қатысады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең – онлайн, «Шығыс Дарыны» сайтының платформасында 2025 жылдың 2 сәуірінде, 08:00-18:00 аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандық және қалалық жалпы білім беретін мекемелерінде өтеді. Тапсырмалар https://shygysdaryn.kz/ тестілеу жүйесінде орындалады және типтік оқу бағдарламасының бөлімдеріне сәйкес келетін негізгі білім көлемін қамтиды. Пәндер: «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет», Тест тапсырмаларының саны – 60 (әр пәннен 15 сұрақ). Барлық пәндер бойынша орындау уақыты – 90 минут.

Конкурстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін «Шығыс Дарыны» сайтында нәтижелерімен тізімі жарияланады.

Конкурстың  екінші кезеңі 2025 жылдың маусымында оқу-танымдық турлар форматында өткізіледі. Жиналатын орын: Өскемен қаласы.

Оқу-танымдық турлар келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Берел, Қиын-Керіш, Таулы Үлбі – Риддер қ., Марқакөл.

Өскемен қаласына (жиналу орнына) келгеннен кейін Конкурстың екінші кезеңіне қатысушы білім алушылармен бірге ілесіп жүретін қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері ұйымдастыру комитетіне келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

1) қатысушылар туралы мәліметтер: А.Ж.Т., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, оқу тілі, тұрғылықты мекенжайы, үй және ұялы телефоны, бірге жүретін өкілдің А.Ж.Т., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны;

2) әрбір қатысушыға туу туралы куәліктері, бірге жүретін өкілдің жеке куәлігі;

3) қатысушылардың және жауапты өкілдердің жолдамалары бойынша, қауіпсіздік ережесін сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бойынша аудандық/қалалық білім бөлімі бұйрығының көшірмесі;

4) әрбір қатысушыға эпидемиологиялық айналымнан медициналық анықтама (3 күн).

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, қатысушы Конкурстың екінші кезеңіне қатыстырылмайды

Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жалпы білім беретін мекемелерінде білім алатын екінші кезеңнің қатысушыларына Конкурстың екінші кезеңін ақпараттық қамтуды — бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Конкурстың қорытындылауын кеңінен жариялауды көздейді. Хештег: #КИЕЛІ_ШЫҒЫС_ҚАЗАҚСТАН_2025

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі электрондық дипломдармен марапатталады (педагог-ғылыми жетекшінің А.Ж.Т. көрсетілуімен).