1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін облыстық Абай оқуларының (бұдан әрі – Абай оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
1.2. Абай оқуларының ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын»).
1.3. Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
1.4. Абай оқуларының негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2. Абай оқуларының қатысушылары
2.1. Абай оқуларына қатысушылар білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11(12) сыныптарының қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған оқушылар, яғни квотаға сәйкес (1 қосымша ) әр номинацияға 1 оқушыдан 5 үміткер қатысады. Абай оқулары қазақ тілінде жүргізіледі.
2.2. Номинациялар бойынша облыстан алдыңғы жылдары орын алған қатысушылар, сол номинацияның облыстық кезеңіне қатыса алмайды.
2.3. Ережеге сәйкес конкурсқа қатысушы командамен бір ғана жетекші келуі міндеттеледі. Жетекшіден мәдениетті қарым-қатынас, тәртіп сақтау талап етіледі. (Жеке басқа тіл тигізуге, мәдениетті ортаға сай емес сөздер айтуға, дөрекілікке жол берілмейді. Жіберуші тараптар осы мәселеге баса назар аударулары керек.)
3. Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларын мәнерлеп оқуына және санына байланысты бағалайды.
2. «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі, саны, қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруімен бағаланады.
3. «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында оқушының Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады. Номинацияда орындалған өнер туындыларының қайталанбауы шарт. Ол үшін әр оқушы кем дегенде үш шығармаға дайындалып келуі керек.
4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша оқушылардың өз өлеңдері бағаланады. Бір өлеңі ұсынылады және сол өлеңі оқылады. Қажет болған жағдайда қазылар алқасы тарапынан тапсырма ұсынылады.
5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек. Қазылар алқасы тарапынан сұрақтар ұсынылып, берілген жауап бағаланады.
Абай туралы көркем шығармаларды (Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң» романдары, т.б. поэзиялық, драмалық, прозалық туындылар) толық білуі, сол көркем туындылардағы Абай бейнесінің сомдалуына талдау жасай алуы керек.
Оқушы:
- прозалық дәне драмалық туындылардың мазмұнын толық білу, шағын поэзиялық шығармаларды жатқа айтуы;
- сөз өнеріндегі Абай туралы шығармаларға байланысты қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жан-жақты жауап беруі;
- әдеби талдау жасай алуы, туынды авторының Абай болмысын танытудағы және даралаудағы шеберлігін, қолданған көркемдік амал-тәсілдері туралы теориялық анықтамаларды білуі керек.
Барлық номинациялар бойынша бағалау критерийлері 2-қосымшада көрсетілген.
3.2. Абай оқулары 3 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – қалалық, аудандық;
2 кезең – облыстық – 25 сәуір;
3 кезең – республикалық –маусым.
3.3. Абай оқуларының өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.
3.4. Ұйымдастыру комитеті Абай оқуларының қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, ісшараның өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.
3.5. Қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орнының ғалымдары, белгілі жазушы, журналисттер,білім беру ұйымдарының білікті мұғалімдері кіреді.
3.6. Қазылар алқасы:
1) қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді, талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;
2) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
3) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.
3.7. Абай оқуларының облыстық кезеңі 2025 жылдың 3 сәуірінде Өскемен қаласында өткізіледі. Облыстық кезеңге қатысу үшін сұранысты ережеге сай ұйымдастыру комитетіне 2025 жылдың 27 наурызына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Сұраныс үлгісі:
#№ | Оқушының аты-жөні | Қаласы, ауданы | Мектебі | Сыныбы | Номинациясы (жаттаған өлеңдерінің саны) | Әлеуметтік статусы | Дайындаған мұғалімнің аты-жөні (толығымен), жұмыс орны, байланыс телефоны |
4. Қорытындылау және марапаттау
- Абай оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын» орталығының грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
5. Абай оқуларын қаржыландыру
5.1. Абай оқуларын қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.
5.2. Облыстық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (келу — қайту жолы, жататын орны мен тамақтануы) жіберуші жақ есебінен төленеді.