+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

.

2023-01-10 11:52:43

Скачать Смотреть

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2022 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

.

2022-03-31 11:10:47

Скачать Смотреть

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2021 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

.

2021-01-21 10:38:46

Скачать Смотреть

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2020 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

.

2020-01-10 16:20:25

Скачать Смотреть

«Ғылым мен жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымының қатысушыларын психологиялық жетелеу бағдарламасы

Бірлестікке бағытталған тренинг Мерзімі: 2018 жылғы 12 ақпан Өтетін уақыты: 17.00 – 18.00 Тренинг мақсаты: топтарды бірлестіру және тиімді командалық әрекеттестікті қалыптастыру. Тренинг міндеттері: 1. топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру; 2. топ қатысушыларының арасында әрекеттестікті жақсарту үшін олардың бойындағы ұқсастықтарды табу; 3. команда құрамында жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; 4. топты бірлестіру. Жалпы уақыт: 60 минут. 1. «Менің есімімнің мәні» жаттығуы Мақсаты: қатысушыларға өзінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беру Уақыты: 5 минут. Қажетті материалдар: қағаз қиындылары, фломастерлер, түйреуіштер. Жаттығу барысы: Жүргізуші қатысушыларға келесі түрде танысуды ұсынады: барлық топ мүшелеріне өздерінің тренингтік есімімен деректеме карточкаларын жасау қажет. Әркім өзіне ұнаған кез-келген есімді таңдауға құқылы: өз есімін, ойындық есім, әдеби кейіпкердің есімі, есім-образ. Сосын, визиткалар дайын болған кезде, әркімге өздерінің есімін атау және оның шығу тарихын баяндап беру ұсынылады. 2. «Топтың ережесі» Уақыты: 2 минут.  Белсенділік таныту;  Бір-бірін тыңдау, сөзін бөлмеу;  Тек өз атынан сөйлеу;  Егер ақпарат нақты біреуге бағытталса, онда ол адам туралы үшінші жақта сөйлемей, сол адамға тікелей қаратып айту;  Тренинг кезінде болған жайттарды тренингтен тыс уақытта көпшілікке таратпау және талқыламау;  Жаттығуды орындау барысында сын айтудан аулақ болу, егер сын айту қажеттігі туындағанда топтық талқылау біткенше тосу;  Белгілі бір жаттығуды орындағысы келмеген жағдайда қатысушы себебін түсіндірместен бас тартуға құқылы, бірақ ол көпшілік алдында өзінің бас тартқандығы туралы айту қажет. 3. «Көңілді есеп» жаттығуы Мақсаты: қатысушылардың іштей қобалжуларын басу, бірлесіп бір уақытта жаттығуды орындау жолымен топты бірлестіру. Жаттығу барысы: Жүргізуші топтағы адам санынан аспайтын кез-келген санды атайды. Аталған санға сәйкес қатысушылар саны орындарынан тұрады. Жаттығуды орындау кезінде синхрондылық сақталу керек, қатысушылар ақылдаспайды. Жаттығудың психологиялық мәні: тапсырманы неғұрлым тиімдірек орындау мақсатында жаттығу басқалардың сезімін, ойын түсінуге мүмкіндік береді. Топтық талқылау: неліктен тапсырма бірден орындалған жоқ? Тапсырманы орындауға не көмектесті? 4. «Вавилон мұнарасы» жаттығуы Уақыты: 15 минут. Ресурстар: түрлі-түсті маркерлер, ватман, алдын-ала дайындалған жеке тапсырмалар. Жаттығу барысы: Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Команданың әрбір мүшесіне жеке тапсырма беріледі. Жеке тапсырмалар: жеке парақшаларда қысқаша жазылған, әр тапсырма бір қатысушы үшін қатаң түрде құпия сақталады. Мысалы, «Мұнара 10 қабаттан тұру керек» (№1 карточка) – мұндай тапсырма жазылған парақша бір қатысушыға беріледі, ол оны ешкімге көрсетпеуі тиіс және бірлесіп салған суретте мұнарада тура 10 қабат салуы керек. Екінші тапсырма: «Мұнара сұлбасы түгелдей қызыл қоңыр түсті». (№2) – бұл келесі қатысушының тапсырмасы. «Мұнара үстінде көк жалау желбіреп тұр» (№3), «Мұнарада барлығы 6 терезе бар» (№4), «Мұнара биік жасыл шатырмен жабылған» (№5), «Мұнара есігі сол жақта орналасқан» (№6), «Мұнараға ұзын жіңішке жол салынған» (№7), «Мұнара маңайында көп көп тоғай өсіп тұр» (№8), «Мұнара үстінде күн жарқырап тұр» (№9). Қатысушыларға мүлде сөйлесуге, ымдасуға болмайды. Вавилон мұнарасын бірге салу керек. Орындау уақыты шектеулі (5-7 минут). Жаттығудың психологиялық мәні: Жаттығу барысында қатысушылар өз әрекеттерін үйлестіруді үйренеді, командада өзара әрекеттеседі. Талқылау: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Ең қиын нәрсе қалай көрінді? Ынтымақтастық топтарда сәтті болды ма? Неліктен? 5. «Кім жылдамырақ?» жаттығуы Мақсаты: ұжымды бірлестіру. Уақыты: 10 минут. Жаттығу барысы: Топ шапшаң түрде, сөйлеспей, команданың барлық ойыншыларын қолданып, келесі фигураларды тұрғызу қажет:  квадрат;  үшбұрыш;  ромб;  әріп;  бұрыш. Жаттығудың психологиялық мәні: бірлескен әрекеттерді үйлестіру, топтағы рөлдерді бөлу. Топтық талқылау: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Оны орындауға не көмектесті? 6. «Үй» жаттығуы Мақсаты: өзінің топтағы рөлін, мінез-құлқының стилін сезіну. Уақыты: 15 минут. Жаттығу барысы. қатысушылар 2 командаға бөлінеді. Жүргізуші келесідегідей нұсқаулық береді: «Әр команда толыққанды үй болуға тиісті. Әр адам өзінің бұл үйде не болатынын таңдау керек – есік, қабырға, тұсқағаз (обои), жиһаз, гүл, теледидар және т.б. Таңдау әркімнің өз еркінде. Бірақ Сіздер толыққанды және функционалды үй болу керек екендеріңізді ұмытпаңыздар. Өз үйлеріңізді тұрғызыңыздар! Өз араларыңызда тілдесуге болады». Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар бұл ұжымда өздерінің қандай функция атқаратындықтарын ойластырады, олардың барлығы «үйлерінде» өздерінің керектігін сезінеді. Бұл бірлестікке ықпал етеді. Топтық талқылау: Командалардағы талқылау қалай өтті? Сіздер өздеріңіздің «үйлеріңіздегі» рөлдеріңізді бірден анықтай алдыңыздар ма? Неліктен Сіз дәл осы ролді таңдадыңыз? Менің ойымша, Сіздердің әрқайсыларыңыз өз «үйлеріңіздегі» әр бөлік немесе зат маңызды, әрі қажет екенін түсіндіңіздер, әрқайсысының өз функциясы бар, бұлардың бәрінсіз үй толыққанды бола алмайды! 7. «Сыйлық» жаттығуы Мақсаты: тренингті оңтайлы аяқтау, рефлексия. Уақыты: 3-5 минут. Жаттығудың сипаттамасы. Жүргізуші: «Қане ойланайық, біз Сіздердің топтарыңызға өзара тиімдірек әрекеттестікті, ондағы бірлік қарым-қатынасты жақсарту үшін қандай сыйлық жасауға болады? Әркім топқа қандай сыйлық жасайтынын айтады. Мен, мысалы, оптимизм және өзара сенім сыйлаймын». Бұдан әрі қарай әр қатысушы топқа қандай сыйлық сыйлағысы келетінін айтады? Табысты ойын үшін қол шапалақпен сыйлайық! Жаттығудың психологиялық мәні: Тренингті әдемі және жағымды эмоционалдық нотада аяқтауға мүмкіндік беретін салт-жора. Топтық талқылау: «Біздің тренинг өз соңына келіп жетті. Тренинг кезінде Сіздер қандай жаңалықтарды үйрендіңіздер? Өздеріңіз және топ үшін қандай пайда таптыңыздар? Тренингтің аяқталуы. Уақыты: 10 минут. Жүргізуші: «Балалар, біз сіздермен тобымызға сыйлық жасадық, енді олимпиадаға келген барлық балаларға сыйлық жасайық. «Сәттілік символы!» тақырыбында плакатка сурет сылайық және әркім өз тілектерін жазсын». Мінеки, барлық сыйлықтар берілді, ойындар бітті, сөздер айтылды. Барлықтарыңыз белсенділік таныттыңыздар, командада үйлесімді жұмыс атқардыңыздар. Ұмытпаңыздар, Сіздер – бір бүтінсіздер, әрқайсыларыңыз – сол бүтіннің маңызды, қажетті, бірегей бөлігі болып табыласыздар! Барлығыңыздың бірлігіңіз, бұл – үлкен күш! Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет!»

2018-03-13 16:11:04

Скачать Смотреть

Дата: 16 февраля 2018 год Время проведения: 14.00 – 15.00 Цель: Сблизить участников. Научить детей оценивать друг друга быть откровенными и научить чувствовать себя свободно. Нужные принадлежности: Золотая рыбка, цветы, микрофон. Игра приветствие: Сейчас

Өткізілу күні: 13.02.2018 ж. Өткізілу уақыты: 17.00 – 18.00 Тренингтің мақсаты мен міндеттері: 1) қатысушылардың мазасыздық және стресс белгілерін табу; 2) эмоциялық қысымнан арылу техникаларына үйрету; 3) тренинг қатысушыларына психологиялық-педагогикалық ұсынымдар беру. Жағымды өзіндік тәрбиелеу мен өзін сенімді ұстау тренингі 1. «Ғажайып танысу» жаттығуы Жүргізуші. Шеңбер бойында тұрып, өзің таңдаған есімді айтып оны қандай да бір ыммен бейнелеу керек. Топ мүшелері бірін бірі жақын танып, естерінде қалдыру үшін жаттығу «қар шиыршығы» қағидасымен өткізіледі. Яғни бірінші адам өзінің есімін айта отыра, жест көрсетеді, ал екінші бірінші адамның есімін және жестін есіне түсіріп, өзінің есімін айтып, жестін көрсетеді; ал үшінші бірінші, екінші адамның есімін айтып жесттерін көрсетеді, осылайша барлық қатысушылар шеңбер бойынша тапсырманы орындайды. (Орындап болған соң). Көңіл күйлерің қалай? Қандай сезімде болдыңдар? (Әдетте, қатысушылар эмоционалдық көңіл-күйлерінің көтерілуін сезінеді). Тамаша олай болса алға! 2. «Өзін-өзі презентациялау» жаттығуы Жүргізуші. Қатысушылардың алдында өзіңді таныстыр. Ол үшін «резюме» жасау керек, яғни мынаны жазу керек: 1) есімің, жасың; 2) сүйікті ісің (хобби); 3) мінезіңнің ерекшелігі, өз бойыңдағы ұнайтын және басқа адамдардың бойындағы ұнамайтын мінез ерекшелігі; 4) сен мұнда не үшін келдің; 5) неге үйренгің келеді; 6) қандай жетістікке жеткің келеді. Қатысушылар өз «резюмелерін» оқиды, бір-бірлеріне сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Жүргізуші қатысушыларға алғыс сөздерін жеткізеді және оларды қолпаштайды. Талқылау жүреді. Қатысушылар мынадай шешімге келеді: біз барлығымыз әртүрліміз, бірақ барлығымызды жетістікке жету, сенімділік, эмоциялық жай-күйдің психологиялық реттеу әдіс-тәсілдерін меңгеруді қалау біріктіреді. 3. «Имитация» ойыны («Пойыз») Жүргізуші. Ойын шеңбер бойында жүргізіледі. Бастапқыда бірінші-екінші болып санақ жүргіземіз. Бірінші нөмірдегілер – бір рет шапалақ ұрады, екі рет аяқпен тарсылдатады. Екінші нөмірдегілер – екі рет шапалақ ұрады, бір рет аяғымен тарсылдатады. Іс-қимылдар кезекпен жасалады: бірінші – екінші – бірінші және ары қарай шеңбер бойымен пойыздың жүрісін келтіреміз. Бастадық. Темпімізді жылдамдатамыз. Жылдамырақ. Ескерту. Міндетті түрде біреу жаңылып қалады, жүргізуші сол кезде барлығын шапалақ ұруға шақырады. 4. «Перевоплощение» жаттығуы Жүргізуші. Кері әсер беретін шиеленіскен жағдайда қалай өзін-өзі ұстау керек? КЕҢЕСТЕР 1. Зейініңді басқаға аударуға тырыс. Ол үшін көзіңе түскен кез-келген бір затқа өз зейініңді аудару қажет. Оның түсін, формасын, ол заттың неден жасалғандығын мазмұндау керек. 2. Фрустрациялық жағдайды обьективті түрде мазмұндау, одан пайда көруге тырысу керек. Осы айтылған нышандарды жүзеге асырып көрейік! Қатысушыларға арналған тапсырма — кез келген ұнатқан затты таңдаңыз. Енді өзіңізді сол затпын деп елестетіп, сол заттың атынан оның түсі, фактурасы, функционалдық қызметі, жасы, сезімі жайлы айтып беріңіздер. Шеңбер бойымен әр қатысушы өзінің заты туралы әңгімелейді. Басқа қатысушылар қандай зат туралы жасырынып тұрғандығын табуы керек. Қатысушылар еріксіз түрде өз кері эмоцияларын осы затқа аударады. Жаттығу зейіннің шоғырлануына және қатысушылар арасында жақсы эмоциялық жай-күйдің болуын, шығармашылық атмосфераның көтеріңкі болуын қалыптастырады. Талқылау жүреді: тапсырманы орындауда қандай сезімдер болды? 5. Сауалнама: «Өскемен менің көзіммен» 1).Біздің қаламызда осыдан бұрын болып па едіңіз? - иа - жоқ 2) Егер жоқ болса, Өскемен қаласының бар екендігі, қайда орналасқандығы жайлы білген бе едіңіз? - иа - жоқ 3)..Біздің қала жайлы алғашқы пікіріңіз? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4)..Сіздің ойыңызша Өскемен несімен есте қалады? ___________________________________________________________________________________________________________________________________ 5).ШҚО тарихы жайлы не білесіз?__________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6) Шығыс Қазақстандық қандай танымал адамдарды танисыз?_____________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7) Өскемен қаласы несімен танымал?________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2018-03-13 16:09:39

Скачать Смотреть

«Ғылым мен жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымының қатысушыларын психологиялық жетелеу бағдарламасы

Мерзімі: 2018 жылғы 16 ақпан Өтетін уақыты: 14.00 – 15.00 Мақсаты: Топты бір-біріне жақындату. Өзін-өзі бағалауға үйрету, ашылуға, өзін еркін ұстауға баулу. Қажетті құрал- жабдықтар: Алтын балық, гүл шоқтары, микрафон «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Жүру барысы: Барлығы шеңбер бойымен отырады. Кезек- кезек әр- кім өз атын айтып өзін таныстырып, бір жақсы қасиетін айтып өтеді. «Алтын балық» жаттығуы Балаларға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?» Алтын балық ұстап алып, өзіне -өзі тілегін білдіреді. «Гүл шоқтары» өмірдегі ең жақын адамына тілегін білдіре отырып сыйлау. «Үрленген қуыршақ» Бұл жаттығу ойыншылардың қысылып отырудан арылтып, босаңсытуға арналған. Жүргізуші үрлегіштің (насос) рөлін аткарады. Үрлегішпен жұмыс істегендей көрініс жасау керек. Ойыншылар орындықта өздерін бос ұстап, бастары мен қолдарын төмен салбыратып ұстайды. Үрлегіштің әр- бір қозғалысымен «резеңке қуыршақтар» үрленіп, түзеле бастайды. Аяқтарына толық тұрғаннан кейін жүргізуші «тығынды» босатады. Ойыншылар «ш-ш-ш» деген дыбыспен қайтадан босап, өз орнына отырады. Ойынды бірнеше рет жүргізуге болады. Ойын талқылауды қажет етпейді. «Үй адам» жаттығуы. Қарым- қатынасты нығайтуға арналған. Екі адам үй, біреуі адам болады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша орындарын ауыстырып, жүріп отырады. Реалаксацияға байланысты жаттығу: «Өзіңмен өзің». Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. -Күн суытты. Қыстың аязды күндері сезіледі. Ал, біз болсақ, ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер. Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт» - дейді. - Өздеріңді тыңдаңдаршы... (кідіріс). - Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер? Афирмациялар «Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді», «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда» «Бос микрофон» (рефлексия) Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.

2018-03-13 16:07:51

Скачать Смотреть

Мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептердің дарынды балалармен жұмыс жасайтын психологтары өңірлік қауымдастығының ЕРЕЖЕСІ

.

2018-01-16 14:01:47

Скачать Смотреть

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қатысушыларына арналған психологиялық тренинг

Өткізілу мерзімі: 2018 жылдың 5 қаңтары, сағ.: 16.00-18.00. Өткізілу орны: - ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ; - ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп –лицей-интернаты» КММ; - ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі» КММ. Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Тренинг барысы Танысу. «Бумба – Юмба тайпасы» жаттығуы. Психолог: - Біз сіздермен барлығымыз Бумба–Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Бұл тайпаның салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен бір–біріңіздің мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 2 рет соққанда бір–біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет. Рефлексия: «Сіздер қандай сезімдесіздер?», «Қандай әсер алдыңыздар?» «Дыбыстық гимнастика» Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді. А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі Ха – ха – көңіл күйді көтереді. «Сыр сандық» жаттығуы. Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ. Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды. 1. Ең үлкен қорқыныш – бұл… 2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін… 3. Мен ренжимін, егер… 4. Мен ұмытпаймын, егер… 5. Мен көңілсізбін, егер… 6. Егер маған дауыс көтерсе, мен… 7. Мен қарсыласқанда… 8. Егер мен сенімсіз болсам, онда… 9. Егер маған біреу ұнап қалса... 10. Егер, мен шаршасам… Психолог: - Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. «Қар қиыршықтары» жаттығуы Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз. Талдау: — Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды? — Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені, біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар, ол – олимпиада, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әртүрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір. «Лимон» жаттығуы Мақсаты: Бұлшық еттің жиырылуын және босаңсуын басқару. Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңе, алақандарың жоғарыда болсын. Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған, көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босаңсыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала, тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта. Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт. Тыныштықта отыру рахатын сезін. Рефлексия: Не сезіндіңдер? Жаттығу: «Пойыз» энергоджайзері Мақсаты: Қатысушылардың бір-біріне деген сенімділіктері арта түсу. Нұсқау: Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет. Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1,2 – ге саналып шығуымыз керек. 1 – ші нөмірдегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 – ші нөмірдегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездың жүру дыбысы естіледі. «Ырғақ» жаттығуы Мақсаты: Өзгенің ішкі сезімін түсіне білуге үйрету. Екі адам бір-біріне қарап, өздерінің рөлдері туралы келіседі. Бірінші-жүргізуші, екінші - «айна». Қатысушылардың қолдары кеудесіне дейін көтеріліп, алақандары бір-біріне қарап тұрады. Жүргізуші қолын қозғалтқанда, айнаның рөліндегі ойыншы да сол ырғақты қайталайды. Рөлдер бірнеше рет ауысады. Бұл психологиялық ойынның мәні басқа адамның психологиялық ішкі «ырғағын» сезіне білу. Осы кезде әрбір адам жеке тұлға деп ойлаңыз, адамды жақсы түсіну үшін оның күш-қуатын, мінез-құлқын, динамикасын, ішкі экспрессиясын, бағытын сезіне білу қажет. • Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта. • Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын. • Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай» деп айқайласын. • Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын. • Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын. • Иттерді жақсы көретіндер үрсін. • Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын. • Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін. • Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын. • Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін. • Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын. • Осы тренингке қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын. Қорытынды Психолог: Құрметті олимпиадаға қатысушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз олимпиадаға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар. Жүректен жүрекке -Тренингіміздің соңында қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарайық. Өз қуанышымызды мынадай жақсы жүрек жарды тілек сөздермен білдіріп, жасаған сыйлығымызды табыстайық. Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді.

2018-01-16 10:22:19

Скачать Смотреть

Дата проведения: 4 января 2018 года, 17.00-18.00 ч. Место проведения: ОСШГИ имени Жамбыла, ВК ОСШЛИ ОД, ВК ОСЛ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ОД. Цель: создание благоприятной атмосферы между детьми, сплочение и построение эффективного командного духа, развитие спосо

Өткізілу мерзімі: 2018 жылдың 4 қаңтары, сағ.: 16.00-18.00. Өткізілу орны: - ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ; - ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп –лицей-интернаты» КММ; - ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі» КММ. Мақсаты: Топты бір-біріне жақындату. Өзін-өзі бағалауға үйрету, ашылуға, өзін еркін ұстауға баулу. Міндеттері: -танысу; -өзін және өзге адамды түсіну; -эмоционалды жеңілдеу: Тренинг барысы: Барлығы шеңбер бойымен отырады. Кезек-кезек әркім өз есімін айтып өзін таныстырып, бір жақсы қасиетін айтып өтеді. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта, Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі трениг барысы, Біз үлкен отбасы. «Төрт құбылыс» тренингі Уақыты:10-15 минут Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді. «Көңілді шеңбер» тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым–қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту. Уақыты:10-15 минут Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап отырады да, бір-біріне мұқият қарап алады. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бір-бірімен орнын ауыстырып қояды. Балалар көздерін ашқанда не өзгерді деп сұрау керек. Балалар табу керек. «Жағымды сөздер» Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады. Тақырыбы: «Алақан» Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым–қатынасты орнату. Уақыты:10-15 минут Көрнекілігі: ақ парақ, қарындаш. Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақанын ақ параққа түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз есімдерін баспа әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды, көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесінің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесінің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі. «Үрлемелі қуыршақтар» Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым–қатынас орнату. Жүргізуші: - қазір біз үрлемелі қуыршақтарға айналамыз, бізден ауа шығарылды: бастарыңды еңкейтіңдер, қолдарыңды жіберіңдер, бүкіл денелеріңді босаңсытыңдар. Енді мен сорғыш қызметін атқарамын және дөңгелек үрлеп жатқан адамның жұмысын елестететін қимылдар жасаймын, және де тиісті дыбыстар шығарамын: «пщ, пщ, пщ». Сорғыштың әр қозғалысынан кейін сендер үрленесіңдер және түзуленіп тұрасыңдар, аяқтарыңды қоясыңдар, қолдарыңды жоғары көтеріп, барлық бұлшық еттеріңді ширықтырасыңдар. Ары қарай жүргізуші тығынды шығаратынын айтады, содан кейін барлық қуыршақтар желдерін шығарады, орындықтарға отырып, босаңсиды. «Өзіңмен өзің» релаксациялық жаттығуы. Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. -Күн суытты. Қыстың аязды күндері сезіледі. Ал, біз болсақ, ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер. Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт!» - дейді. -Өздеріңді тыңдаңдаршы... (кідіріс). - Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер? Афирмациялар «Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді», «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен–күнге жақсаруда» «Бос микрофон» (рефлексия) Қатысушылар еркін түрінде психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікірмен бөліседі.

2018-01-16 10:20:52

Скачать Смотреть

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 2018 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

.

2017-11-27 09:57:21

Скачать Смотреть