2026 жылдың 11-15 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика,физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды зияткерлік тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ, басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Халықаралық олимпиадаға Армения, Әзербайжан, Белорусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан сынды 16 елден 600-ден астам дарынды оқушылар қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен ІI дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Ғазиз Мәди — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика).
ІII дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
Амангелді Алдияр — Қазақстан ұлттық команда құрамының мүшесі, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
Юсупов Саят — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
Құдайберген Темирлан — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (физика);
Қызырбеков Тамерлан — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (физика) марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижеге қол жеткізуімен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!