Биылғы оқу жылында алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
Олимпиаданы «Дарын» рсепубликалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігімен бірлесе өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласындағы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту, жастар арасында қаржылық мәдениетті кеңінен тарату.
Облыстық кезеңге олимпиаданың екінші кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 28 оқушы қатысты.
Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау тақырыптары бойынша терең білім мен дағдыларды талап ететін неғұрлым күрделі тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жеңімпаздар тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.