Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Астана қаласында өткен «ЖАҢА ЖЫЛ РЕСПУБЛИКА ТӨРІНДЕ» атты республикалық жаңа жылдық шыршаға Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы
24 желтоқсанда Астана қаласында Президент орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «ЖАҢА ЖЫЛ РЕСПУБЛИКА ТӨРІНДЕ» жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.

Жаңа жылдық мерекенің мақсаты – қысқы демалыс кезеңінде үздік оқушылар үшін мерекелік демалысты қамтамасыз ету және қуанышқа, ойын мен көңіл көтеруге толы қайталанбас естеліктер сыйлау.

Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарынан 5 үздік оқушы қатысты.

Шыршаның жас қатысушылары үшін балалардың елордада болуына орай елорданың көрікті жерлерін аралай отырып экскурсиялық және мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршадағы балаларды Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы құттықтап, оларға Мемлекет басшысының ыстық лебізін жеткізді.

Әрбір қатысушы Жаңа жылдық сыйлықтар ретінде iPad, рюкзак, кітаптар, жұмсақ ойыншық, тәтті сыйлық-кулек және Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау ашықхатын алды.