2025 жылғы 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ туры (тестілеу) өтті.
Облыстық кезеңнің 170-тен астам жеңімпазы мен жүлдегері бейіндік пән бойынша онлайн тестілеуге қатысты.
Тестілеу деңгейлер бойынша құрастырылған 60 тест тапсырмасынан тұрып, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат бөлінді.
Тестілеу қорытындысы бойынша шекті ұпай жинаған қатысушылардың жұмысы алдын-ала сараптамаға жіберіліп, соның нәтижесі бойынша қорытынды кезеңге қатысушылар анықталады.