III Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылдың 10-13 желтоқсаны күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен III Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларға одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

І дәрежелі дипломдар мен және алтын медальдармен:

Карпова Вероника — Шемонаиха ауданы, И.Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Қайырбек Ернұр — Зайсан ауданы, Шілікты орта мектебінің 10 сынып оқушысы                    (ағылшын тілі);

Воробьев Тимур — Алтай ауданы, А.Сумин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальдармен:

Серікқызы Жұлдыз — Катонқарағай ауданы, Өрел орта мектебінің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);

Сикпаева Дина —  Шемонаиха ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдар мен және қола медальдар мен:

Кенжеғазы Минура — Тарбағатай ауданы, Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің
11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Ахметкаримова Инабат — Глубокое ауданы, М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Пятова Наталья — Ұлан ауданы, Таврия орта мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Кайроканов Мансур — Ұлан ауданы, Герасимовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.

IELTS 100 % сертификаты Зайсан ауданы, Шілікты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбек Ернұрға берілді.

Ерекше жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Талапқызы Перизат — Зайсан ауданы, Қазақстан орта мектебінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Баймулданова Айзере — Тарбағатай ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.

III Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ең үздік нәтижелері үшін жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы III орын «Ең үздік олимпиадалық команда-2025» номинациясымен марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!