Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі аясында Өскемен қаласында №41 жалпы білім беретін мектебінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша жарыстар өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 13 команда қатысты.
Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
Асық ату ұлдар арасында:
І орын – Ұлан ауданы, «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ;
ІІ орын – Тарбағатай ауданы, «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ;
ІІІ орын – Зайсан ауданы, «Жаңатұрмыс шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ.
Бес асық қыздар арасында:
І орын – Зайсан ауданы, «А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ;
ІІ орын – Тарбағатай ауданы, «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ;
ІІІ орын – Глубокое ауданы, «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!