7-8 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының базасында 7- 8 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «№45 орта бейіндік мектебі» КММ;

ІІІ орын – Ұлан ауданы, «Асубұлақ орта мектебі» КММ.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!