Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасында шахматтан «Ақбозат» Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

2025 жылғы 10 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының базасында 7-8 сынып оқушылары арасында шахматтан «Ақбозат» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен облыстық мектептерінен 8 команда қатысты.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын – Үлкен Нарын ауданы, «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ;

ІІІ орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!