«Жас ғалым» ғылыми мектебінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде»» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының қатысушыларына кеңес беру мақсатында  «Жас ғалым» ғылыми мектебін ұйымдастырды.

Республикалық кезеңінің қатысушыларының ғылыми жобалары облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларымен тыңдалды. Әр қатысушыға зерттеу жұмысын қорғауға дайындық бойынша жеке кеңес берілді.

Балаларымызға конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!