Шығыс Қазақстан облысының асық ату және бес асық бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі аясында Өскемен қаласында Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша жарыстар өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 16 команда қатысты.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Асық ату ұлдар арасында:

І орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;

ІІІ орын – «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Риддер қаласы.

Бес асық қыздар арасында:

І орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;

ІІ орын – «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы;

ІІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!