2025 жылғы 4 желтоқсанда Өскемен қаласында Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі базасында 9-11 сынып оқушылары арасындағы шахматтан «Ақбозат» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарының мектептерінен 9 команда қатысты.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;
ІІ орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын – «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!