«Қысқы ертегі» облыстық шығармашылық байқауын өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Қысқы ертегі» облыстық шығармашылық байқауын қашықтықтан өткізеді.

Байқауға мектепке дейінгі, жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 5-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.

Байқауға қатысуға өтінімдер және қатысушылардың жұмыстары 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына бір мезгілде (Ереже талаптарына сәйкес) жіберу қажет.