2025 жылғы 28 қарашада Өскемен қаласындағы Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің базасында FIRST Robotics Kazakhstan халықаралық байқауының Oskemen FIRST Regional 2025 аймақтық кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Аймақтық кезеңге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен 12 команда, жалпы саны 57 оқушы қатысты.
Байқауды бақылау мен қорытындылауды бекітілген Регламентке сәйкес төрешілер алқасы жүзеге асырды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: FIRST LEGO League Explore категориясы бойынша Mangilik El (Robovalli робототехника мектебі) және RoboBoom (Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі); ал FIRST LEGO League Challenge: ÜDEU (“Нұрорда” мектеп-лицейі) және RoboТяги (Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі) командалары ұтысқа ие болды.
Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!