Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылдың 27 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурсқа облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан 300-ден астам оқушы қатысты.

Бұл конкурс өзекті және перспективалық ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды 16 секцияда бойынша біріктірді.

Облыстық кезең халықаралық практикаға сәйкес ашық көрме форматында YouTube арнадан трансляция жүргізілумен ұйымдастырылды.

Конкурс қорытындысы бойынша 185 оқушы жүлделі орындарды иеленді,  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Конкурс жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!