Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Хабар» телеарнасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың
21 қарашасында 11 сынып оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңін өткізді.
Сайыстың мақсаты — оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дайындығы жақсы әрі дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 11 сыныптарының 35 аса оқушысы — аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Сайыс II айналымнан тұрды:
— I айналым — тест;
— II айналым — блиц-турнир.
Қатысушылар I айналымда жалпы білімге, логикаға, сондай-ақ түрлі салалардағы интеллектуалдық қабілеттерге, музыка, өнер және спорт бойынша тест сұрақтарын шешті.
II айналым — блиц-турнир, бұл кезеңге жоғары ұпай жинаған 10 қатысушы ауызша турға өтті. Блиц-турнирде оқушылар «Өнер», «Спорт», «Ұлы есімдер», «Табиғат ғажайыптары» атты ұяшықтар ішіндегі ғылымның әртүрлі саласы бойынша сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасты. Бұл айналымда оқушылар өздерінің ойлау қабілеттерін, жылдам жауап беру шеберліктерін көрсетті.
Зияткерлік сайысының қорытындысы бойынша 19 қатысушы жүлдегер атанды (I орын — 5, II орын — 5, III орын — 9 оқушы).
Екінші айналымның қорытындысы бойынша үздік 5 қатысушы анықталып, «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Сайыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздар тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналасқан.
Зияткерлік сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!