Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қатысушыларына арналған жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы

2025 жылдың 10-15 қарашасы аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің және облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базаларында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қатысушыларына жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, оқушыларды республикалық олимпиадаға дайындау, олимпиадалық есептерді шешу.

Мұғалімдер олимпиадаға дайындық бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар өз білімдерін, дағдыларын бекітті.

Олимпиаданың ақтық кезеңінде қатысушыларға сәттілік  тілейміз!