Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы FIRST халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің облыстық кезеңін (бұдан әрі — Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты — STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Конкурс 2025 жылдың 28 қарашасында Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицей базасында (Қалихан Ысқақ көш., 2/1) өтеді.
Оқушыларды тіркеу сағат 9.00-де, басталуы сағат 10.00-де.
Командалар Конкурсқа қатысу үшін QR-кодтағы сілтеме арқылы 2025 жылдың 25 қарашасына дейін тіркеле алады.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87764361983.