Облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымектепке дейінгі білім беру және білім беретін мекемелерінің 4-5, 6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне арналған облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізетінін хабарлайды.

Турнирге қатысу ерікті болып табылады. Турнирге қатысу туралы шешімді балалардың ата-аналары (заңды өкілдері), мекеме қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Турнир барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Құны – 800 теңге.

Турнирдің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге – грамоталар беріледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің, мектепалды мекемелердің үйлестірушілері Турнирге арналған тапсырмалар жинағын алу үшін өтінімді 2025 жылдың 14 қарашасына дейін Өскемен қ., Абай даңғ., 21 мекенжайы бойынша, тел: 8/7232/700-244, е-mail: vko.intellect@mail.ru төмендегі үлгі бойынша жіберуі қажет.

Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» (ШҚ ӨҒПО «Дарын») қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Аудан/ қалаМектеп/ мектепалды мекемеБайқау үйлестірушісінің аты-жөні (толығымен), байл.тел:Тәрбиеленушілер мен оқушылардың саныБарлығы
4-5 жас6 жас 
       

Турнир өткізілгеннен кейін қатысушылардың конкурстық жұмысын өткізу кезінде үйлестіруші қатысушылардың тізімін қағаз және электронды нұсқада EXCEL форматында төмендегі үлгі бойынша жіберуі шарт:

Қатысушының аты, тегі ЖасыОқу тіліМектеп, мектепалды мекемеҚала/ауданҚатысушыны дайындаған тәрбиешінің, мұғалімнің АЖТ
1234567

Турнирді өткізу бойынша тапсырмалар жинағы мен нұсқаулықтар берілген өтінімге сәйкес таратылады. Тапсырмалар жинағы 2025 жылдың 05 желтоқсанына дейін сағат 08.00-ден бастап Турнир үйлестірушісіне Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21 мекенжайында (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма: сағ. 8.00-17.00, сен., жек.- демалыс, түскі ас сағ. 12.00-13.00) беріледі.