2025 жылдың 29 мен 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Астана қаласында өткен «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
Республикалық конкурсқа облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық кезең 2 турда өтті: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша өткізілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:
- Қанатова Әдемі — Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы;
— Құмарғажы Нұрсая — Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Мұғалімдер мен олардың ата-аналарын құттықтаймыз!