9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылдың 22 қазанында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Негізгі мақсаты – туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің  9-10 сынып оқушылары – аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өткізілді:

1 кезең — Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;

2 кезең 4 номинация бойынша.

Облыстық конкурсты өткізу барысында қатысушылар:

— фотосуреттер, сызбалар, карталар, құжаттар сияқты көрнекі материалдарды пайдалана отырып, маңызды тарихи нысандарды көрсетті;

— туған өлкені бейнелейтін нысанды ұсынды;

— өңірдің дамуына үлес қосқан тұлғаны таңдады;

— өңірдің әлеуметтік, мәдени немесе инфрақұрылымдық дамуына қатысты идея ұсынды.

Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының мүшелері – облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша 29 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломымен — 4 оқушы, ІІ дәрежелі — 11 оқушы, ІІІ дәрежелі – 14 оқушы марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!