Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен қашықтық форматта «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнері фестиваль-байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары – «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК-ның театр ұжымы (7 оқушы) қатысты. Жетекшісі – Алифанов Валентин Игоревич.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша ШҚО командасы «Үздік актерлік образды сомдау» номинациясына ие болды.
Республикалық байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.