«ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.

Фестиваль келесі үш спорт түрі бойынша өтті:

  • «Бочча»
  • «Біз жеңімпаз боламыз!»
  • «Жеңіл атлетика»

Іс-шараға кіші және ересек жас санаттарындағы 23 команда қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Фестивальге қатысқан барлық балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Фестиваль инклюзивті спортты дамытуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және олардың физикалық әлеуетін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.