2025 жылдың 16 қазан күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар депертаментінің спорт манежі базасында «SPECIAL OLYMPICS» қозғалысының жеңіл атлетикадан облыстық турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты — арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру болып табылады.
Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатысты.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыстың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:
І орын — Өскемен қаласы, «Жасөспірімдер үйі» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;
ІІІ орын — Өскемен қаласы, «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы;
ІІІ орын – Алтай ауданы, «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!