Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 19 қараша күні «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін қашықтықтан өткізетінін хабарлайды.

Конкурс-фестивальге ұжымдар, солисттер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер қатысады.

Конкурс-фестивальдің мақсаты: оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру,  шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау, біздің өлкеміздің халықтары өнерінің көпұлтты дәстүрлерін насихаттау.

Конкурс-фестивальге қатысу үшін өтінімдерді («Сиқырлы би әлемі» белгіні қойып) konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылдың 14 қарашасына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.