«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалінің (бұдан әрі – Конкурс-фестиваль) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

1.2.Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Конкурс-фестивальдің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту;

— орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру;

— шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау.

2. Конкурс-фестивальдің ұйымдастыру комитеті

2.1. Конкурс-фестивальді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

— Конкурс-фестивальдің жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

— тікелей басшылықты жүзеге асырады;

— Конкурс-фестивальге қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

— Конкурс-фестивальдің қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

— Конкурс-фестивальдің жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

— талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Конкурс-фестивальдің жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздармен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

техника және орындау деңгейі;

— би қойылымы-идеясы;

— би қозғалысының тақырыпқа немесе музыкаға сәйкестігі;

-көркемдік және сюжеттік;

— нөмірдің өзіндік ерекшелігі;

— сахналық көрінісі (костюм).

3. Конкурс-фестивальді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Конкурс-фестивальге ұжымдар, солистер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер келесі номинациялар бойынша қатысады:

— халық биі, халықтық стиліндегі би;

— заманауи би, эстрадалық би;

Ұжымдар түрі:

— соло (жеке орындау), дуэт (екі адамның орындауы), трио (үш  адамның орындауы);

— ансамбльдер, «кіші құрамдағы» би ұжымдары (7 адамға дейін);

— ансамбльдер, би ұжымдары (8 адамнан және одан көп);

3.2. Конкурс-фестивальге қатысушылар келесі жас санаттарына бөлінеді:

— жас санаты – (4 — 7 лет);

— жас санаты – (8-10 жас);

— жас санаты – (11-13 жас);

— жас санаты – (14-17 жас);

— аралас орта жас санаттағы (6-13 жас);

— аралас үлкен санаттағы (9-17 жас).

3.3. Конкурс-фестивальге қатысу ерікті, оқушыларды конкурс-фестивальге еріксіз қатыстыруға тыйым салынады. Конкурс-фестивальге қатысу туралы шешімді оқушылар және олардың ата-аналары қабылдайды (заңды тұлғалар). Ұйымдастыру жарнасы (банктердің комиссияларын есепке алмағанда):

— солисттер (жеке орындау) – 5 500 теңге;

— дуэттер (екі адамның орындауы) – 5 000 теңге (әр адамнан), трио (үш адамның орындауы) – 5 000 теңге (әр адамнан);

— ансамбльдер, 7 адамға дейінгі би ұжымдары – 4 500 теңге (әр адамнан);

— ансамбльдер, 8 адамнан тұратын би ұжымдары – 4 000 теңге (әр адамнан).

4. Конкурс-фестивальге қатысу шарттары мен талаптары

4.1. Конкурс-фестиваль 2025 жылғы 19 қарашада қашықтықтан өткізіледі.

4.2. Конкурс-фестивальге қатысушылар хореографиялық нөмірдің жалпы ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейнематериалының youtube.com арнасына орналастырылған сілтемесін ұсынады.

4.3. Қатысушылар бірнеше номинацияларға қатыса алады. Әрбір жаңа қатысу жеке төленеді және жаңа өтініммен ресімделеді.

4.4. Міндетті шарттар: түбіртекті өтініммен бірге жіберу керек, төлемсіз өтініштер қабылданбайды.

4.5. Қатысуға өтінімдер және түбіртектер 2025 жылғы 14 қарашаға дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

5. Марапаттау

5.1. Конкурс-фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

5.2. Әр номинацияда қазылар алқасы жас санатына сәйкес 1, 2, 3 орындарды анықтайды.

5.3. Барлық ұжымдар, солистер және дуэттер 1, 2, 3 орын алғандары үшін дипломдармен марапатталады.

5.4. Жеңімпаз дипломында баланы Конкурс-фестивальге дайындаған жетекшінің/мұғалімнің Т.А. көрсетіледі.

6. Конкурс-фестивальді қаржыландыру

6.1. Конкурс-фестивальді ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.