2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Шығыс Қазақстан облысынан конкурсқа облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған үш оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Зайсан ауданының М. Әуезов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бальжанова Айзере ІІІ орынға ие болды. Айзереге диплом және ақшалай сыйлық табысталды.
Айзерені және оның жетекшісі мен ата-анасын жеңісімен құттықтаймыз!