Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІIІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2025 жылдың 6 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІIІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 40 оқушы жеңімпаз жүлдегер атанды.

2025 жылдың 21 қазанында өтетін іріктеу кезеңіне ең жоғары ұпай жинаған 20 оқушы қатысады.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!