Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы

2025 жылғы 20-21 қыркүйек күндері Семей қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Турнирге еліміздің 20 аймағынан келген жалпы саны 180 жас пікірсайысшылар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы қатысты.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Өскемен Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы Логейко Михаил «ағылшын лигасы» санаты бойынша «Дебаттық креатив» номинациясына қол жеткізді. Михаилге диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

Михаил мен оның жетекшісін және ата-анасын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!