Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 17 қыркүйек күні
қашықтықтан «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.
Байқау 8 номинация бойынша өткізілді:
- «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
- «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
- «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
- «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;
- «Авиация саласындағы модельдер, авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер» номинациясы;
- «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер» номинациясы;
- «Құрылыс саласындағы модельдер» номинациясы;
- «Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы» номинациясы.
Байқау қорытындысы бойынша 33 қатысушы жүлдегер атанды: І орын – 8,
ІІ орын – 11, ІІІ орын – 14.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Байқау жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!