9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамтамасыздандырылуын, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.

1.3. Конкурстың мақсаты — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.

1.4. Конкурстың негізгі міндеттері:

— өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;

— туған өлке тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;

— оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;

— туған жеріне, өз қаласына, ауылына деген махаббатын зерделеу арқылы достарына түсіндіру.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

— Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

— Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

— Конкурстың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

— Конкурс шараларының түрлерін, олардың өткізілуін анықтайды;

— Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

— Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ жариялауды қамтамасыз етеді.

2.2. Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2.3. Қазылар алқасы қатысушылар ұсынған материалды келесі критерийлер негізінде бағалайды:

— тақырыптың сапасы және толық ашылуы (жұмыстың номинация мен тақырыпқа сай болуы, мазмұндылығы, зерттеу дәрежесі);

— қорытынды айқындығы, көркемдік шеберлігі, жұмыстың орындалу техникасы және сапасы (ойлау ерекшелігі), автордың жас ерекшелігінің шығармашылық деңгейіне сәйкестігі.

ІІІ Конкурс қатысушылары

3.1. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Конкурс үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең –аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 15қазанында өткізіледі;

Екінші кезең – облыстық кезең ағымдағы жылдың22 қазан айында;

Үшінші кезең – республикалық кезең ағымдағы жылдың 29-31 қазанда өткізіледі.

 Конкурсқа квотаға сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

4.2. Конкурсқа қатысу білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

4.3. Сұранысқа қоса тіркеледі:

1) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу тілі, қорғайтын тақырыбы, әлеуметтік жағдайы, оқу орны және білім беру ұйымы, үйінің мекен-жайы, дайындаған педагогтың тегі, аты, әкесінің аты, ұялы телефоны);

2) қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

4.4. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын қатысушылардың сандық құрамы 4 оқушы (9 сыныптан — 2, 10 сыныптан – 2) және 1 үйлестіруші. Қатысушылар 4 номинация бойынша, «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» (1 қатысушы, 9 сынып), «Менің өлкемнің символдары» (1 қатысушы, 9 сынып), «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» (1 қатысушы, 10 сынып), «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» (1 қатысушы, 10 сынып) қатысады. Барлық қатысушылар Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуден өтеді.

4.5. Конкурсқа қатысу арқылы қатысушы фото/бейне түсірілім мен жеке деректерді өңдеуге рұқсат береді.

V. Конкурсты өткізу шарттары

5.1. Конкурс екі айналымда өтеді:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша:

9 сынып оқушылары үшін:

— «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» (1 қатысушы, 9 сынып).

Формат: мультимедиялық презентация/бейнеролик+ауызша қорғау.

Техникалық тапсырма:

1) өңір тарихының негізгі кезендерін ашу (құрылуы, маңызды оқиғалар, мәдени ескерткіштер, мұрағат деректері);

2) маңызды тарихи нысандарды көрсету (ескерткіштер, археологиялық табылымдар, мұражайлар, сәулет өнері)

3) визуалды материалдарды пайдалану: фото, сызба, карта, құжаттар;

4) ауызша қорғауға 10 минут беріледі: 7 минуты-баяндамаға, 3 минуты-сұрақтар мен жауаптарға;

5) техникалық талаптар: презентация (PowerPoint/PDF) немесе бейне (MP4 форматында, FullHD, көлемі 500 Мб-тан аспауы тиіс).

«Менің өлкемнің символдары» (1 қатысушы, 9 сынып).

Формат: шығармашылық қорғау (коллаж, беунеролик, мультимедиялық сүйемелдеуі бар эссе).

Техникалық тапсырма:

1) туған өлкені бейнелейтін нысанды (жануар, өсімдік, табиғи құбылыс, артефакт немесе жергілікті дәстүр) ұсыну;

2) таңдауын негіздеу (тарихи, мәдени немесе жеке маңыздылығы);

3) ауызша қорғауға 10 минут беріледі: 7 минуты-баяндамаға, 3 минуты-сұрақтар мен жауаптарға;

4) техникалық талаптар: бейнеролик MP4 форматында, суреттер JPG/PNG, презентация PowerPoint/PDF.

10 сынып оқушылары үшін:

«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» (1 қатысушы, 10 сынып).

Формат: мультимедиялық презентация+ауызша қорғау.

Техникалық тапсырма:

1) өңір дамуына үлес қосқан тұлғаны таңдау (батыр, қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы);

2) оның қызметін және ол өңір мен ел үшін қандай маңызға ие екенін ашу;

3) техникалық талаптар: презентация PowerPoint/PDF, бейнеролик MP4, фото JPG/PNG;

4) ауызша қорғауға 10 минут беріледі: 7 минуты-баяндамаға, 3 минуты-сұрақтар мен жауаптарға.

«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» (1 қатысушы, 10 сынып).

Формат: визуализациясы бар жобалық жұмыс.

Техникалық тапсырма:

1) өңірдің әлеуметтік, мәдени немесе инфрақұрылымдық дамуы жөніндегі идеяны ұсыну;

2) жобаны негіздеу (мәселе-шешім-күтілетін нәтиже);

3) визуалды сүйемелдеу: макет, презентация, инфографика, 3D-модель (қалауы бойынша);

4) ауызша қорғауға 10 минут беріледі: 7 минуты-баяндамаға, 3 минуты-сұрақтар мен жауаптарға;

5) техникалық талаптар: презентация PowerPoint/PDF, бейнеролик MP4, фото JPG/PNG.

5.2. Конкурс қатысушылары ұсынылған жұмыстары бойынша (музыканың, фотосуреттің, мәтіндердің және т.б. заңды пайдалану) авторлық құқықты сақтауға кепілдікті қамтамасыз ету.

5.3. Қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықты сақтауға кепілдік бере отырып, Конкурсты насихаттау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.

VI. Бағалау критерийлері

6.1. «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы

— тақырыптың толық ашылуы – 20 балл;

— деректерді, фактілерді, құжаттарды пайдалану – 15 балл;

— логикасы, құрылымы және дәлелдемелері – 15 балл;

— ұсынудың ерекшелігі, мультимедиа – 10 балл;

— сөйлеу мәдениеті және қорғау – 10 балл.

«Менің өлкемнің символдары» номинациясы

— таңдалған символдың негізділігі – 20 балл;

— мәдени/тарихи мәнін ашудың тереңдігі – 15 балл;

— ұсынудың креативтілігі – 15 балл;

— визуалды материалдарды пайдалану – 10 балл;

— сөйлеу мәдениеті және қорғау – 10 балл.

«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы

таңдалған тұлғаның өзектілігі мен маңыздылығы – 20 балл;

— дәлелдемелер, талдау, қорытынды —  15 балл;

— интерпретацияның ерекшелігі – 15 балл;

— визуализация (презентация, дизайн, безендіру) – 10 балл;

— сөйлеу мәдениеті және қорғау – 10 балл.

«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы

мәселенің өзектілігі және жобаның мақсаты 20 балл;

— ұсынылған шешімнің негізділігі – 15 балл;

— идеялардың шынайылығы мен жаңашылдығы – 15 балл;

— визуализация (макет, презентация, дизайн) – 10 балл;

— сөйлеу мәдениеті және қорғау – 10 балл.

VII. Қорытынды шығару  

7.1. — I айналым (тестілеу) – максималды 30 балл;

                — II айналым (номинациялар бойынша қорғау) – максималды 70 балл;

                — Қорытынды нәтиже – максималды 100 балл.

VIII. Жеңімпаздарды марапаттау

8.1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны қатысушылардың жалпы санының 45% -ын құрайды. Бұл пропорция Конкурстың барлық кезеңдерінде сақталады.

8.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен,  қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

IX. Қаржыландыру

9.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы  жүзеге асырады.

9.2. Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындарын (екі жаққа жол шығыны, тамақтану, тұру) және жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен өтеледі.

1 Қосымша

Сұраныс үлгісі:

Қатысушы-ның ЖСНҚатысушының тегіҚатысушының аты  Жынысы ұл/қызНоминация атауыСыныбыОқыту тіліМектеп атауы (толық)  Ауылдық/қалалық  Мұғалімнің тегіМұғалімнің атыМұғалімнің ЖСН
1.         
2.         
3.         
4         

Есеп үлгісі:

Атауы Аудан, қалаI этап
Аудандық, қалалық
Қатысушылар саныЖеңімпаздар мен жүлдегерлер саны
I  II  III