І. Жалпы ережелер
Осы 8-9 сынып оқушыларына арналған олимпиадаларға дайындық бойынша бейіндік мектеп (бұдан әрі – Бейіндік мектеп) туралы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі Қазақстан ұлттық жүйесінің тұжырымдамалық негіздеріне, ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі жол картасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 997 қаулысы) және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленді.
Ереже Бейіндік мектептің мақсаттары мен міндеттерін, оны ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды айқындайды.
Бейіндік мектептің ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысы білім баскармасы, дарындылык пен косымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығы).
ІІ. Мақсаттары мен міндеттері
Бейіндік мектептің негізгі мақсаты – түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау және оқу пәндерін тереңдетіп оқыту.
Бейіндік мектептің міндеттері:
— оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— өз бетінше ойлау және талдау дағдыларын қалыптастыру;
— оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау;
— оқушылардың қазіргі және болашақта еңбек қызметінде мақсатшылдыққа және жүйелілікке тәрбиелеу;
— дарынды жасөспірімдерді анықтау және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
ІІІ. Басшылық
Бейіндік мектептің қызметін жалпы басқаруды ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
Бейіндік мектепті ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі — Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
— Бейіндік мектептің тұжырымдамасын әзірлейді;
— Бейіндік мектептің қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады;
— Бейіндік мектепті дайындау және өткізу жөніндегі тікелей басшылықты жүзеге асырады;
— Бейіндік мектепке қатысушылардың құрамын, өткізу орнын және уақытын айқындайды;
— Бейіндік мектеп оқытушыларының құрамын анықтайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
— Бейіндік мектепті өткізу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, дайындық барысын, өткізілуін және оның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
IV. Қатысушылар
Бейіндік мектепке қатысушылары — оқу пәндері бойынша жоғары деңгейдегі білім мен қызығушылық танытқан 8-9 сыныптың оқушылары болып табылады.
Бейіндік мектепке қатысу ерікті және ақылы негізде жүргізіледі.
Бейіндік мектептің оқытушылары — Шығыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың қазылар алқасының мүшелері, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс істейтін, зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер.
V. Өткізу тәртібі мен мерзімі
Бейіндік мектепте оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқыту бағыттары: жалпы білім беретін пәндер бойынша әртүрлі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды талдау. Бейіндік мектеп бағдарламасы:
— химия, математика және физика пәндері бойынша қарқынды сабақтар;
— олимпиадаларға арналған сынақтар өткізу және тапсырмаларды талдау;
— жекелеген пәндер бойынша практикалық сабақтар жоғары оқу орындарының зертханаларында (келісім бойынша) өткізіледі;
— бақылау сынақтарының нәтижелері бойынша квотадан тыс облыстық олимпиадаларға қатысу.
Өткізу мерзімі: Бейіндік мектеп 2025-2026 оқу жыл аралығында өтеді. Сабақтар кестеге сәйкес, аптасына 1 рет 120 минуттан өткізіледі (екі академиялық сағат).
Өткізу орны: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21.
VI. Қаржыландыру
Бейіндік мектепте оқу ерікті және ақылы негізде жүргізіледі. Оқушыларды өз еркінен тыс Бейіндік мектепке қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Бейіндік мектепке қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.
Оқудың құны айына 16000 теңгені құрайды. Төлемді қосымшалар және терминалдар арқылы жүзеге асыруға болады: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚО ҒӘО «Дарын»), Каспий Банк (ШҚО «Дарын»), «Банк ЦентрКредит» АҚ (дарынды дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Дарын»). Бейіндік мектеп оқытушыларының еңбекақы төлеу мәселелері Ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасы негізінде еңбек шарты бойынша жүзеге асырылады. Оқытушы өткізетін сағат саны еңбек шартымен айқындалады.
VІІ. Қорытынды
Бейіндік мектеп аяқталғаннан кейін қорытынды білім сынақтары өткізіліп, онда тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау жүргізіледі. Оқушыларға Бейіндік мектепті аяқтау туралы сертификат беріледі.