2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсын өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылдың  26-27 қыркүйегі аралығында оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай — Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды Конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Конкурсқа қатысу ақылы: 600 теңге (ата-аналар мен демеушілердің қаражаты есебінен, ерікті негізде).

Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-line тестілеу 2025 жылдың  26 қыркүйегі күні сағат 09:00-ден бастап 2025 жылдың 27 қыркүйегі сағат 20:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады.

Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Қатысуға өтінім алдын ала беріледі. Өтінімде оқушының ЖСН-і және төлем түбіртегінің көшірмесі міндетті түрде көрсетіледі.

Өтінім мен төлем түбіртегі қабылданғаннан кейін қатысушыға конкурс сайтына кіру үшін логин мен құпиясөз беріледі.

Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «Центр Кредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден ағымдағы жылдың 18 қыркүйегіне дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе vko.intellect@mail.ru электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:

ОрынҚала/ауданМектебіСыныбыҚатысушының тегі, аты (толығымен)Қатысушының ЖСН-іДайындаған мұғалімнің АТЖ