2025 жылғы 18-21 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен қашықтық форматта «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі өткізілді.
Фестивальға республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 140 оқушы қатысты.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) ойынды кино;
2) деректі кино;
3) анимация – балалар әзірлеген мультфильмдер;
4) үздік бейнеклип, бейнеролик;
5) телевизиялық сюжет;
6) балаларға арналған ең үздік телебағдарлама;
7) үздік ғылыми-танымал фильм.
Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 7 жеңімпазы қатысты.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК-нің білім алушысы Ожогина Виолетта «Үздік бейнеклип, бейнеролик» номинациясы бойынша
ІІ орынға ие болды.
Виолеттаға диплом мен бағалы сыйлық табысталатын болады.
Виолеттаны, оның жетекшісі мен ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!