«Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауының қорытындысы

2025 жылғы 21 тамыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен қашықтық форматта «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауы өткізілді.

Байқауға республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 160 оқушы қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Жақсылық керуені»;

2) «Отаным – қасиетті туған жерім»;

3) «Мен – Қазақстанның азаматымын»;

4) «Менің ашық университеттерім»;

5) «Қазақстанның жеті кереметі»;

6) «Қазақстанның 100 жаңа есімі»;

7) «Жаңғырту полюсі»;

8) «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар және мәні».

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 8 жеңімпазы қатысты.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Алтай ауданының «Алтай қаласының № 7 орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Лядова Татьяна «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.

Татьянаға диплом мен бағалы сыйлық табысталатын болады.

Татьянаны, оның жетекшісі мен ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!