«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қорытындысы

2025 жылғы 21-22 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен қашықтық форматта «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өткізілді.

Фестиваль-байқауға республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 160 оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан фестиваль-байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы болған Күршім ауданының «Күршім балалар музыка мектебі» КМҚК-нің «Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамблі қатысты.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша «Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамблі«Сахналық орындау шеберлігі үшін» номинациясымен марапатталды.

«Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамблі мен олардың жетекшісін және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!