«Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын қашықтықтан 2025 жылғы 30 қыркүйек мен 30 қазан аралығында өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімді және жұмыстарды Ереже талаптарына сәйкес (Қосымша) 2025 жылдың 30 қазанына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.