«Астана – менің Отанымның астанасы» әлеуметтік туры

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана күнін мерекелеу аясында өткен «Астана – менің Отанымның астанасы» әлеуметтік турына қатысты.

Әлеуметтік тур балаларды Астанамен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу мақсатында ұйымдастырылды.

Әлеуметтік тур аясында қатысушылар ҚР Ұлттық мұражайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Бәйтерек» монументі, ҚР Тұңғыш Президенті мен ҚР Әскери-патриоттық мұражайларын, «Қазақ елі» мемориалдық кешенін аралады.

Океанариумға, джунглиге, экзотариумға және батут орталығына бару балаларға жарқын әсер қалдырды. Айналаны шолу дөңгелегінде елорданың барлық көрікті жерлерін ұшар биіктен тамашалап, теплоходпен серуендеді.

Біздің Отанымыздың жүрегіне жасалған экскурсия қатысушыларда ұмытылмас әсерлер мен көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.