«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қорытындысы

2025 жылдың 11-13 тамызы күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-нің ұйымдастыруымен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өткізілді.

Көрме-байқауға республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 140 оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 7 жеңімпазы қатысты.

Республикалық көрме-байқау қорытындысы бойынша Күршім ауданының «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК-нің білім алушысы Жандар Жәңгір І орынға және «Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ-ның 10-сынып оқушысы Әзілхан Дильназ ІІ орынға ие болды.

Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Жәңгір мен Дильназды, олардың ата-аналары мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз