2025 жылғы 03-13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы полиция департаментімен бірлесіп, Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын» лагері базасында Ғазиз Байтасов атындағы жас жол қозғалысы инспекторларының ХХ-шы мерейтойлық республикалық слетін өткізді.
Жас жол қозғалысы инспекторларының слетінде 11 жастан 14 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасынан 20 команда, сондай-ақ Қырғызстан Республикасының команда қатысты.
Жол қозғалыс жас инспекторлары келесі байқауларда өз дағдыларын көрсетті:
1) жол жүрісі қағидаларының білгірлері;
2) үгіт бригада байқауы;
3) велосипедті мәнерлеп жүргізу;
4) автоқалашықта велосипед жүргізу;
5) жас реттеуші;
6) білгірлер турнирі;
7) жас санитар (алғашқы көмек көрсету);
8) «Үздік жол қауіпсіздігін насихаттаушы» байқауы (ПД ЖПҚ қызметкерлері арасында);
9) «Ашық үзіліс» байқауы (білім беру органдарының қызметкерлері арасында).
Слет қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы
I жалпы командалық орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!