2025 жылғы 07 тамыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді.
Форумға республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 180 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан форумның облыстық кезеңінің 9 жеңімпазы қатысты.
Республикалық форум қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданының «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ-ның командасы «Жасыл сахна» қуыршақ театры қойылымы бойынша бейнероликтер байқауы номинациясында жүлделі ІII орынға ие болды.
Тарбағатай ауданының командасын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!