«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылы 17 қыркүйекте «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жас мөлшері: 10-17 жас.

Осыған орай, қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған форумға өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жіберуді сұрайды.