Математикадан халықаралық олимпиаданың (Singapore International Math Olympiad Challenge – SIMOC) жаһандық турының қорытындылары

2025 жылдың 05-08 шілдесі аралығында Сингапурда математикадан халықаралық олимпиаданың (Singapore International Math Olympiad Challenge – SIMOC) жаһандық туры өтті.

Олимпиаданың мақсаты – қатысушыларды өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларында жоғары нәтижеге ұмтылуға ынталандыру.

Олимпиадаға 35 елден 2000 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға Өскемен қаласының математика, физика және информатика саласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

  • І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Дастанұлы Жәңгір;
  • ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен Дастанұлы Жәнгір, Кузнецов Ярослав, Ильяс Берик, Ляшенко Савелий, Курманов Тимур;
  • ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен Кузнецов Ярослав, Курманов Тимур, Балдритдинова Эмилия, Зарыкханов Тарлан, Вольваков Демид, Грохотова Кира, Хасенов Алшир марапатталды.

Оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын марапаттарымен құттықтаймыз! Одан әрі сәттілік пен жеңістер тілейміз!