2025 жылғы 18-21 маусым аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығы.
Шығыс Қазақстан облысынан конкурсқа облыстық кезеңінің жеңімпаздары болған 5 оқушы қатысты.
Абай оқуларына қатысушылар 5 номинация бойынша сайысқа түсті:
— «Абайдың асыл мұрасы» — номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу конкурсы;
— «Абайдың ақын шәкірттері» — номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.;
— «Әнді сүйсең менше сүй» — Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін шеберлігі орындау байқауы;
— «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;
— «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай білуі.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:
- ІІІ орын: Әніғанбек Ерәлі, Зайсан ауданының «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы;
- ІІІ орын: Айырбай Аружан, Алтай ауданының «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы, «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы;
- ІІІ орын: Оралбеков Бекарыс, Үлкен Нарын ауданының «Көкбастау орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы.
Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары III дәрежелі дипломмен, қола медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
XXVI Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!