Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күні Өскеменнің сол жағалауы кешенінде (Этноауыл) Шығыс Қазақстанның барлық балалары үшін «7 КЕРЕМЕТ» балалар фестивалін өткізді.
Фестивальдің мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік атмосфера құру.
Шығыс Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін Сол жағалау кешеніндегі (Этнопарк) 7 нысанда танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды:
- «Бояулар құпиясы» — пленэр алаңы;
- «Шебер балақай» — ДҚӨ бойынша шеберлік сабақтары;
- «СПОРТ қуаты» — тимбилдинг алаңы;
- «Oйын FEST» — ойын алаңы;
- «Жұлдызды сәт» — эстафеталық жарыстар алаңы;
- «Ертегілер әлемі» — бет бояу алаңы;
- «Әншуақ» — музыкалық алаңы.
Мерекенің барлық қонақтары — балалар мен ересектер қызықты ойындар мен жарыстарға, шеберлік сыныптарға, тимбилдингке, бет бояу және басқа да алаңдардағы шараларға белсене қатысты.
Көңілді мультфильм кейіпкерлері ойындар мен жарыстармен ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Мультфильм кейіпкерлерімен фотоаймақ ұйымдастырылды.
Балалар фестиваліне «Казцинк» ЖШС және «Қазақстан халық Банк» ШҚОФ компаниялары демеуші болды.