2025 жылғы 21 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы факторы ретінде балалармен жастар арасында театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жеңімпазы болған театр ұжымдары қатысты.
Фестиваль-байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4) «Қуыршақ театры».
Фестиваль-конкурс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
І орын – Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка кенті балалар өнер мектебінің «New Life» театр ұжымы;
ІІ орын – Тарбағатай ауданы, Қ. Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің «Шабыт» театр ұжымы;
ІІ орын – Тарбағатай ауданы, М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің «Болашақ» театр ұжымы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Драмалық спектакль» театр ұжымы;
ІІІ орын – Күршім ауданы, Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің «Сказка» театр ұжымы;
ІІІ орын – Катонқарағай ауданы, Қызыл Жұлдыз негізгі орта мектебінің «Кішкентай қуыршақтар театры» ұжымы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Әдеби музыкалық композиция» театр ұжымы.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!